ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

lat: ÚKİMET BASSHYSY

үкіметтің қызметіне басшылық жасайтын лауазымды тұлға. Үкімет басшысы басқа елдердің дипломатиялық жəне басқа да ресми адамдарын қабылдап, олармен келіссөздер жүргізуге, халықаралық конференцияларға қатысып, келісімшарттар мен келісімдерге арнайы рұқсатсыз-ақ қол қоюға өкілетті.