ҮЛЕС

lat: ÚLES

зат. 1. Әркімге тиесілі меншікті зат, сыбаға.

Адам боп дүниеде жаратылдым,

Мылқау емен надан боп қалатұғын.

Талабым зор, жүректе шырағым бар,

Өмірден өз үлесін алатұғын (1,23).

Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,

Құр қалмайды ешкім де үлесінен.

Өліп-талып жеткенде бақытына,

Шорт үзіліп кей тағдыр түгесілген (3,86).

2. Үлкен іске әркімнің қосқан қызметі, еңбегі.

Болды! Болды! Бәрін де білесіңдер,

Бұл жеңісті әркім де үлесім дер.

Аждаһарлар тіріліп келе жатыр!

Сақтаңыздар, Адамдар! Күресіңдер! (2,55).

Сендер дағы өздеріңше күресіп,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің (3,243).