ҮЛГІ

lat: ÚLGİ

зат. 1. Өнеге, тәлім, тәрбие.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден (2,379).

Өлмеу үшін, құлқыңды жемдеу үшін,

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін (2,379).

2. Бір нәрсеге көрнекі құрал ретінде қолданылатын нәрсе, зат, нұсқа.

Қазіргі қазақ поэзиясының өлең құрылымы үлгілерін жастар мықтап меңгеріп алғандықтары көрініп-ақ тұр (4,272).

Бір сөзбен айтқанда, жастар өнеге тұтарлық, бағытқа алып, бетін түзерлік жыр үлгілерінің жасалғаны даусыз (4,276). 3 . ауыс. Өнер формасы; мода . Поэзияның тереңіне үңілуден гөрі үлгі қуалаушылық басым (4,276).