ҮНЕМДЕУ

lat: ÚNEMDEÝ

Үнемде етістігінің қимыл атауы.

Жазылымның ұжымдық түрлерін де ойластырыңыз, егер қызметтестер, оқушылар, студенттер, көршілер өзара бірігіп өздеріңізді қызықтыратын бір немесе бірнеше газет пен журналдарға жазылып, кезектесіп оқитын болсаңыз едәуір қаржы үнемдеуге де болады («Егемен Қазақстан»).

Бірен-саран жемқорлардың басы артық заттарды жымқыртып әкететінін былай қойғанда, қолымызғы берілген қоғам мүлкін ұқыпты ұстау, үнемдеу жағынан кемшілігіміз көп-ақ (С.Омаров, Өмір асулары.).

Әрбір центті үнемдеуге тура келеді (Ә.Шәріпов, Алыс жағалаулар.).