ҮШТІЛДІЛІК

lat: ÚSHTİLDİLİK

1. Аумақтық бірлестік шегінде (мемлекет, аймақ, қала, ауыл) үш тілдің қызмет етуі. Әдетте бұл тілдердің әрбірі белгілі бір қатынас саласында өзара тоқайласады. Мыс., Гунзиб ауылында (Дағыстан Республикасы) гунзиб, авар және орыс тілдері қызмет етеді. Гунзиб тілі дәстүрлі шаруашылықта және бастауыш білім беруде көмекші тіл ретінде, дін саласында отбасылық және тұрмыстық қатынаста қолданылады. Авар тілі бастауыш білім беруде, орыс тілі орта мектепте қолданылады. Орыс тілі ресми ісқағаздар тілі болып табылады. Қарым-қатынас жасаушыға байланысты ұлтаралық қатынаста құралы ретінде авар немесе орыс тілі қолданылады. 2. Жеке адамның қарым-қатынастық қажеттігі шегінде үш тілді меңгеруі.