ҮСКІ

lat: ÚSKİ

Ағаш тесетін ұшы үшкір құрал, үлкен біз. Үскіні әсіресе керегешілер (киіз үйдің сүйегін (қаңқасын) жасаушылар), ертілер жиі пайдаланады. Үскімен үйшілер кереге көктесе, етікшілер аяқ киім тігеді. Үйшінің үскісіндей өткір-тілім, Өрді, ойды білмей шауып қысқарарсың (Үш ғасыр жырлайды. Алматы, 1965. 147 б.). Зергерлер үскіні ағашпен жұмыс істеуге тура келгенде қолданып отырады. Үскі жергілікті тілде бұрғы тескіш сөздерінің синонимі ретінде жұмсалады.