lat: Úkimet
1) басқару. 2) үкімет (елдегі мемлекеттік билікті атқарушы және басқарушы негізгі орган, кабинет). 3) мемлекет.
Шмидттер анау жақта сеңге мінген,
Мінекей, ұқтыңыз ба нені іздеген?
Партия үкіметі тапсырған соң,
Мұз жарып, ұлы, жаңа жолды іздеген (І. Жансүгіров). А
.Н.Косыгин Үндістанның премьер-министрі Индира Гандиді Совет Одағына ресми сапармен келіп қайтуға Совет үкіметінің атынан шақырды («СОЦИАЛИСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ»). Қазақстан үкіметі де Жездіде марғанец өндірісін ашуды сұраған хат жолдады, жуырда, – деді И. Ф. Тевосян (М. Сәрсекеев).