Үлкен үй

lat: Úlken úı

этн. Ата-әжесі немесе әке-шешесі тұратын үй; қара шаңырақ.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей қайта оралар.

Ел-жұрты қарғап, ант атса,

Кеткеннен келмес, жоғалар (2,146).

Шаруа Ата секілденіп, өміріңді сарып қып,

Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып.

Аман-есен жатырмысың, айналайын жарықтық?! (4,215).