Үнді эстетикасы

lat: Úndi estetıkasy

Үндістандағы эстетикалық дәстүр ежелгі заманда дүниеге келген. Үнді эстетикасы орта дәуірде дамыған ілімдер жүйесіне жетті. Оның өзінің ерекшеліктері-сезімдік негізді өнердің ең маңызды мазмұны ретінде ұсыну және эстетикалық қыбылдануының психолог жақтарын мұхият қадағалау қажет. Сезімдік мазмұн бұл орайда шағын поэтикалық жанрлармен ғана шектелмейді. Керісінше ең ірі формалар үшін міндетті деп есептелінді, мұнда бейнеленетін дүниенің көптігінің өзі осы көптікті біріңғай мән берілген бүгінге біріктіріп негізгі байланыстырушының болуын көздейді.