lat: ÝAJIP, ÝÁJİB, ÝÁJİP, ÝÁJIP, ÝÁJIBAT
(ар. уажиб واجب)
1. Шариғатта орындалуы қажет деп табылған діни міндеттер.
Ғылым хал (парыз, уажип , сүннәт һәм харам, мәкірук) ғамалдардардың ғамалдарын да жаттатып әбден білдіреді («Көкшетауда көргендерім», Айқап, 1914, №13).
Парыз, уәжіб, сүннетті түгел қылып, Жалғыз-ақ саған: «насыбай», – деген сөз қалды ма? («Бердібек Қазанғапұлына». М.Жүсіп, І-том, 2003).
“Парыз, уәжіп, шариғат жолын біліп, Халыққа әдепті бол тамам” дейді («Қисса Зейнеп пен Заидтың уақиғасы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Исламның бес бәнасын тамам әйла. Ада қыл, парыз, уәжіп , сүннетпенен («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
2. Міндет.
Патшаға уәжип -дүр сабыр етпек, Уәзірлердің сөздерін құрмет етпек («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Айтпақ парыз, есітпек сізге уәжіп, Уәзірдің хайла-мәкір сөзін тердім («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Әй, әпендем, ғапу қыл, көңілің келсе, Патшаға уәжіп -дүр екі нәрсе («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Мұндай іс уәжіп болар патшаға, Пақырмен мархабат қыл ғаріптерге («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Хазірет, өз алдыңда болсын байлау, Пендеге уәжіп еді серттен таймау («Қисса Зейнеп пен Заидтың уақиғасы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Жанарал губернаторлық уәжибатын ада қылғучы Орынбурұх уалайатының баш дабыты... (1785 жылы Нұралы ханның әскер шақырған хаты).