УЧАСТОК

lat: ÝCHASTOK

зат. 1. Жердің белгілі бір бөлігі.

Суармалы жерлердегі қызылша егісіне бізтұмсық қоңыз көктемде, өңделмегенучастоктардан келіп түседі (А.Ажкеев, Қант қызылша.).

Біз саяси қызметкерлердегі ұрыстың аса қауіпті участоктеріне жиі жіберіп тұрдық (Б.Момышұлы, Шығ.).

2. Администраторлық-территориялық бөлік.

Уезд бірнеше милиция участоктеріне бөлінді (М.Жұмағұлов, Қыран.).

Ауылшаруашылық бөлімі Сейтімге колхоздың участок агрономы етіп Айтжанды жіберіп отырғанын хабарлады (Ж.Молдағалиев, Жүрек.).

Сондықтан да болар участок бүкіл ГРЭС-тегі озат коллектив, алдыңғы орында жүр (А.Жақсыбаев, Менің дос.).