УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ИНДИКАЦИЯЛАУ

lat: ÝLAǴYSH ZATTARDY INDIKASIaÁLAÝ

дала жағдайларында уландырғыш заттар мөлшерін химиялық бақылау (барлау) құралдарымен немесе химиялық зертханада сынамалардың үлгілерін талдау жолымен табу, сәйкестендіру және мөлшерін анықтау. Улағыш заттарды индикациялау үшін газ анықтауыштар, автоматикалық және жартылай автоматикалық газ сигнализаторлары, химиялық барлаудың әскери құралдары, химиялық дала зертханалары, сондай-ақ ең қарапайым құралдар индикаторлық ұнтақтар, борлар мен қағаз қолданылады.