[лат. unio бірлесу] 1) мемлекеттік тұрғыда екі немесе бірнеше мемлекеттердің бір монарх билігі астында тығыз бірлесуі, тығыз одағы, нәтижесінде жалпы ортақ мемлекет басшысын формальды түрде мойындау, шын мәнінде биліктің, басқарудың аса маңызды органдарын біріктіру, бірыңғай сыртқы саясатты жүргізу жүзеге асырылады;
2) шіркеулік тұрғыда екі немесе одан да көп ұқсас ілімдері бар шіркеулердің өзіндік салт-жоралғыларын сақтай отырып, бірігуі.