lat: Ýchastok
з а т. 1. Телім (жердің үй салуға, егін егуге т.с.с. арналған белгілі бір бөлігі).
Суармалы жерлердегі қызылша егісіне біз тұмсық қоңыз көктемде, өңделмеген участоктардан келіп түседі (А.Ажкеев, Қант қызылша.).
Біз саяси қызметкерлердегі ұрыстың аса қауіпті участоктеріне жиі жіберіп тұрдық (Б.Момышұлы, Шығ.).
2. Әкімшілік-аймақтық бөлік.
Уезд бірнеше милиция участоктеріне бөлінді (М.Жұмағұлов, Қыран.).
Ауылшаруашылық бөлімі Сейтімге колхоздың участок агрономы етіп Айтжанды жіберіп отырғанын хабарлады (Ж.Молдағалиев, Жүрек.).