lat: Ýdar-dýdar
с ы н. Шашы дударланған, ұйпа-тұйпа.
Үсті-басы қауырсыны жұлынған төбелескек әтештей удар-дудар боп анадайда сестиіп тұрған Әйтікен бұларға оқты көзімен қарайды (Ж.Мусин, Ақ алаң).
Бекет Қоңыратты жаңа есіне алды, су тиген шашы удар-дудар (Р.Тоқтаров, Ертіс.).