lat: Ýez
з а т. т а р. Ояз (қазақ жерін облыстар мен аудандарға бөлуден бұрын болған губерния немесе басқа ірі аймақтарға бағынатын, болыстардан тұратын әкімшілік-территориялық бөлік).
Арша ағаш, қызыл ағаш, көкше терек, Жиһанда не нәрсе бар жанға керек, Хазіретке осы ағаштың тұқымдарын Уезд бен Губернатор берген бөлек (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Міне, біздің Торғай һәм Ырғыз уездерінен 15–20-шы октябрьден бастап кісі алынбақшы еді, жастар келмейді. Сондықтан елге неше мың әскер зеңбірек, пулеметпен шығып тұр. Жақсылықпен көнбесеңдер, “патша жарлығына мойын ұсынбағандық законге қарсылық”, – деп күш жұмсамақ. Бұл – анық. (М.Дулатов, Шығ.).