Ояз – əкімшілік-аумақтық бөлініс. Ресейде 13 ғ-дан бастап қолданып келген. Уезд қала мен оған бағынышты болыстардан тұрады. Əуелде оны князьдің жергілікті билеушісі, ал 17 ғ-дан воевода басқарды. 17 ғ-дан бастап Уезд губ-ның құрамды бөлігіне айналды. 1775 ж. Уезд əкімш., сот жəне қаржы қызметі бар төменгі бөлік болды. Ол Қазақстанның саяси-əкімш. өміріне 1867–68 жылғы реформа негізінде енді. Облыстар уездерге, ал уездер болыстарға бөлінді. Уездерді патша офицерлерінен қойылған уездік бастықтар басқарды да, олардың көмекшілері ретінде қазақ шонжарлары тағайындалды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан аумағында 26 уезд болды.