ояз – әкімшілік-аумақтық бөлініс. Ресейде ХІІІ ғ.-дан бастап қолданып келген. Уезд қала мен оған бағынышты болыстардан тұрады. Әуелде оны князьдің жергілікті билеушісі, ал ХVІІ ғасырдан ваевода басқарды. ХVІІ ғасырдан бастап уезд губернияның құрамды бөлігіне айналды. 1775 ж. уезд әкімшілік, сот және қаржы қызметі бар төменгі бөлік болды. Уездегі полицейлік-әкімшілік өкімет бөлігін исправник (уезд полициясының бастығы) атқарды. Уезд Қазақстанның саяси-әкімшілік өміріне 1867-1868 жж. реформа негізінде енді. Облыстар уездерге, ал уезд болыстарға бөлінді. Уездерді патша офицерлерінен қойылған уездік бастықтар басқарды да, олардың көмекшілері ретінде қазақ шонжарлары тағайындалды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында 26 уезд болды.