Улағыш заттарды индикациялау

lat: Ýlaǵysh zattardy ındıkasıaálaý

ә с к. Улағыш заттарды жергілікті жерден, объектілерден, әскери техникадан, әскери киімнен, азық-түліктен, сондай-ақ ауадан табу немесе барын анық-тау, байқап білу.

Улағыш заттарды индикациялау химиялық барлауға арналған аспаптар көмегімен, кейде улағыш заттардан сынақ алу жолымен оларды химиялық лабораторияда талдау арқылы жүргізіледі (Қаз. тілі термин. Әскери.).