Улы

lat: Ýly

с ы н. 1. Уы күшті, тез уландыратын.

Көген тамырында улы, май, эфир майының қалдықтары, ащы заттар және крахмал болады (М.Қажымұратов,.. Пайдалы өсімдік.).

Бұл сияқты улы заттар өкпе жолдарына және бүкіл организмге өздерінің зиянды әсерін тигізді (М.Қайрақбаев, Рактан. сақтан.).

2. а у ы с. Зәрлі, зиянды, ащы.

Есебі улы есеп Улы елдің өкілі ем. Не пырақ, Не есек, Не тақыр, Не кілем! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

3. а у ы с. Ащы шындықты бетке айтатын өткір (тіл).

Қайырсыз сараң малыңды, Еріншек есек жарыңды, Халыққа емес сыйымды Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді Улы тілмен улаттым (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Сондықтан да өткір тілді халық ақынынан не биінен қауым үнемі сескенеді, ал кімде-кім улы тілді ақынға не биге жақпаса үлкен өкінішке қалады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

4. Жағымсыз, жаман, қаһарлы, мейірімсіз (көзқарас)

Ертеңіне кеңсемізге бетін қалың түк басқан, көзінен улы зәр ұшқындаған еңгезердей қара кісі кіріп келді (Е.Әкімқұлов, Қош бол.).

Екеуінің бүкіл өмірлері осы бір шағын ауылда өтіп келеді, біріне-бірі улы зәрді өмір бойы шым-шымдап жинаумен келеді (С.Мұратбеков, Дос ізде.).

5. а у ы с. Ызалы, ашулы, долы.

Шашың толқын, жүрегімнен жарына Соғылды да баттым улы зарыма, Айнам, саған арнап жырлар жазамын, Қаламымды малып жүрек қанына (М.Жұмабаев, Шығ.).

Құры тілмен зарланып сайраулымын, Қол-аяғым бос емес, байлаулымын. Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр, Ыза қысып тісімді қайраулымын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).