Улы өсімдіктер

lat: Ýly ósimdikter

ө с. Өсімдікқоректі жануарлардан қорғану үшін уыт (алкалоидтар, глюкозидтер) бөліп шығаратын өсімдіктер.

Улы өсімдіктердің 10000-нан астам түрлері белгілі. Олар саңырауқұлақтардың, қырыққұлақтардың, ашық және жабық тұқымдылардың ішінде кездеседі (Қаз. тілі термин. Биология).