lat: Ýly shoǵyrlaný
э к о л. Әртүрлі уақыт аралықтарында әсер еткенде сынақтағы жануарлардың опат болуына апарып соғатын зиянды заттектер концентрацияларының ауқымы.
Қазіргі кезде зиянды заттектің 30 күн ішінде сынақтағы жануарлардың тең жартысының опат болуына апарып соғатын шоғырлануы улы шоғырлану болып есептеледі (Қаз. тілі термин. Экология).