Улылық

lat: Ýlylyq

з а т. 1. Уы мол болушылық.

Улылық кейбір химиялық элеметтердің, қосындылардың және тіршілік заттектерінің организмдерге (адамға, жануарларға, өсімдіктерге, т.б.) зиянды әсер ету қабілеті (Қаз. тілі термин. Экология).

Одан әрі бромның улылығы, кездесетін жерлері жөнінде айтылды («Қазақст. мект.»).

2. а у ы с. Өткірлік, ащылық, тілмен, сөзбен шағып алушылық.

Өлеңнің рухы, өткірлігі мен улылығы, нажағайдай жарқылдаған әрі көркем, әрі үрейлі, аумаған Лермонтов (Ә.Тәжібаев, Өмір.).