Умажда

lat: Ýmajda

е т. 1. Уысқа салып қысу, мыж-мыжын шығару.

Шешей ақшаны қалтасына салмай, қомсына умаждап сәл бөгелді де, сөзін жалғастырды (М.Мағауин, Көк кептер).

Содан соң ол құяң белін әрең көтеріп, бешпетінің омырау қалтасындағы лотерея билетін умаждаған күйі сыртқа беталды (М.Рахманбердиев, Ақ тілеу).

2. а у ы с. Басу, жаншу, астына салып илеу.

Бірде қырдың қызыл түлкісін умаждап жатқанда, көкжалдың үстінен жолбарыс шықты (А.Сарбөпин, Ала қарға).