э к о н о м и к а л ы қ. Өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Унитарлық кәсі порын мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады (Қаз. тілі термин.). Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған у н и т а р л ы қ к ә с і п о р ы н д ы өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады (ҚҰЭ). Унитарлық кәсі порынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады (ҚҰЭ). Егер у н и т а р л ы қ к ә с і п о р ы н мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады (ҚҰЭ).