Университет

lat: Ýnıversıtet

[нем. Universitдt] з а т. Әртүрлі ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын көп профилъді жоғары оқу орны.

Нариман студенттер көсемі болады, студент ереуілдерін басқарады. Төңкеріс салдарынан университетте оқу тоқталған кезде ол Бакуге келеді. Ол мұнда “Иршат”, “Қайанат” газеттеріне жазысады (М.Дулатов, Шығ.).

Университетті алтын медальмен тәмамдап, қазақ халқынан тұңғыш “право магистрі” деген ғылыми атаққа ие болған Жақып Ақбаев 1903 жылы туған еліне оралды (М.Құл-Мұхаммед, Алаш ардагері).