lat: Ýnsııa
үнсия – 1) үйірлік. 2) сыпайыгершілік, әдептілік. 3) шаттық, қуаныш. 4) «Үнсия» – һират қаласында
Науаидың басшылығымен салынған кітапхананың аты. Медресе мен үлкен зәулім үйге «Ихласия», аурухана мен моншаға «Шифаия», кітапхана мен оған жалғас ақынның өзі және оның достары мен туыстары тұруына арналған үйлерге «Үнсия» деп ат қойды (Айбек).