lat: Ýnter-ofıser
[нем. Unteroffizier] з а т . ә с к. Патша армиясындағы және кейбір басқа да армиялардағы кіші командалық құрамға кіретін әскери қызметкер.
Унтер-офицер – революцияға дейінгі орыс және қазіргі кейбір шетелдік армиялардың кіші командалық құрамының атағы. Қазіргі әскерлерде кіші командалық құрамда сержант атағы белгіленген (Қаз. тілі термин. Әскери.)
Акико шаштаразға Отодзосының бетін уқалатып, адъютант бір унтер-офицерге оның етігін тазарттырып жатты (Ж.Тілеков, Хинган асу.).