[лат. urbs қала, urbanus қалалық] өндірісті орналастыруда, адамдарды қоныстандыруда, олардың әлеуметтік-кәсіби, демографиялық құрылымындағы, өмір салтындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді қамтитын, қоғам дамуында қаланың рөлін көрсететін тарихи процесс. Tap мағынасында урбанизация деп әсіресе, үлкен қалалардың өсуін, елдегі, аймақтағы, әлемдегі халықтың қаладағы үлес салмағын арттыру түсініледі. «Урбанизация» ұғымын «урбанизациялану» ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі процесс барысында кол жеткен көрсеткіш деңгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны»).