Усыз, зәрсіз, уытсыз

lat: Ýsyz, zársiz, ýytsyz.

Уы жоқ, уы болмайтын. Аждаһаның осы түріне аяқсыз кесіртке-амфисбена ұқсас болады, ол усыз, зиянсыз жәндік («Қазақст. мект.»).

Көңілі таза адамдардың қайғы-қасіреті де зәрсіз болады екен-ау, - деп ойлады Ләззат (Т. Ахтанов).

Олардың 25 пайызын қышқылға төзімді, уытсыз микробтың қатарына жатқызады («Малды туберкулезден сақта»).