lat: Ýtılıtarızm
[лат. utilitas] з а т. қоғ.-әлеум. Адамның қандай да бір мүдделерінің қанағаттандырылуы деп түсінілетін пайда адамгершілік тұрғыдан бағамдаудың негізгі критерийі, ал табысқа жету адам бақытының негізі болып табылады дейтін көзқарастар жүйесі, өмір салты (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Уақыт жан-жақты білімділерден гөрі, тар мамандық көлемінде білім алғандарды қажет етті. Білімнің философиялық негізі құр пайда көздейтін утилитаризм іліміне айналды (А.Айталы, Ұлттану).