денелердің бір-біріне материя мен қозғалыс арқылы өзара ықпал жасау процесі, денелер күші өзгеруінің әмбебап формасы. Өзара әсер жасай алмайтын болса, тіршілік ете алмас еді. Өзара әсер осы мағынасында алғанда бүкіл бар нәрсенің бұдан басқа неғұрлым түбегейлі айқындаушы қасиеттері болмайтын түпкі себебі деп анықтау керек. Жалпы тұтас жүйенің қандайында болса да өзара әсер денелердің бір-бірінің қасеттерін өзара бейнелеуге соқтырады, соның нәтижесінде олар өзгеріп отырады. Объективті дүниеде өзара әсердің көптеген формалары болады (Құбылыстардың жалпы байланысы, Қозғалыс, Өзгеріс, функционалдық тәуелдік).