ІЛ

lat: İL

ет. 1 . Бір нәрсені қабырғадағы шегеге, керегі іліндіріп, салбыратып, асып қою .

Биылғы қыстың нышаны жаман, деп, шопан ішігін шешіп босағаға ілді (4,118).

Бір бұтағын сындырдым да, мүкке орап әкелдім,

Әкелдім де іліп қойдым, дәл төріне пәтердің.

Құрметті достарымды еске салсын демедім,

(Бұл күндері ешкімді де ойыма алмай келемін) (3,297). 

 2 . Есіктің ілгегін салу, бекіту .

Европа тарс жауып қақпасын,

Іліп алды есігін.

Тірісінде-ақ тозақ дәмін татқасын,

Ол ұмытты қара бастың несібін (2,40).

3 . Қыран құстың жемтігін іліп түсуі, қағып алуы, ұстауы .

Көкке атылды, қағынған, Қиядан кеп ілмекке . Оқшау тұрған табыннан. Жабағыны бүрмекке (1,218).

Қара жер жемсауында нала барда,

Осылай құс іледі қара қарға.

Сор-Жамал сорасы ағып зарланады,

Заңына замананың шара бар ма? (1,191).

4 . ауыс. Үстіне киім кию .

Басымызда папаха түбектей боп,

Қыз алдында тұрмадық шіреп сөйлеп.

Би билеп түлкі тұмсық бәтеңкемен,

Тәнімізге ілмедік жібек көйлек (2,339).

Маруся бәтеңкесін іле салып, жекетін жамылып, сыртқа шықты да, елең етіп тұра қалды (4,187).