lat: İNİSHEK
зат. «Іні» сөзінің еркелете немесе кішірейте қолданылуы.
Далада өскен емес пе бабаларың,
Талпынады далаға інішегің .
Пай пай қандай мына бір самала күн!
Есен-саусың, қарағым, тыныш едің? (1,200).
// Қараптпа сөз ретінде де қолданыла береді .
Әлде, інішек , зарықтың ба?
Жағуға отын таба алмай.
Болмаса әбден жалықтың ба,
Су отынды жаға алмай? (1,33).
Есіңде болсын, інішек,ақын алдымен бүгіндікі.
Бүгіннің кереметтерін болашаққа айтуы керек (4,216).