lat: İNJÝ
(ар. инжу انجو) – теңіз жәндіктерінің денесінен алынатын қымбат қатты зат.
Зүбәржат, інжу, маржан, асыл тастар, Айтып ауыз жетпейді, ойлап ақыл («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).
Зүбәржат, лағыл, інжу шарбағы бар, Сарайда сұхбаттасып ол ғашық жар («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Інжу-маржан – інжу-маржан.
Ол тастар естісеңіз інжу-маржан, Зейнет жоқ бұл дүниеде онан асқан («Мәлік Хасан». Қисса-дастандар, 1986).
Гауһар, жақұт, зүбәржат, інжу-маржан, Ұғлы мен Гүлшаһраға шашу шашты («Қисса Гүлшаһра Дохтари сұлтан Кашмирдің хикаясы». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).