ІРІ

lat: İRİ

сын. 1 . Тұлға-тұрпаты үлкен, денесі зор (адам).

Домбайлап қолдан жасалған қиқы-шойқы екі үстел басында екі адам отыр. Бірі қырықтың ішіндегі, ірі сүйекті ер адам (4,174).

// Зат есім мағынасында да қолданылады .

Хатты жаңа тани бастаған қазақтың қалаулы ұлдарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға тиісті (4,50).

2 . ауыс. Атақты, белгілі, мықты .

Бізді олардың балама біріне де,

Ұлыға да санама, іріге де.

Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,

Абай бірақ қайтадан тіріле ме? (1,178).