lat: İSİN
ет. 1 . Дененің бір жері қабынып, күмпиіп кету, домбығу .
Жазғандардың жанары көз жасымен ісініп ,
Дымқыл атып тұр екен бір нүктеге түсіріп,
Қабақтарын қатты аяз қатырды тез түсіріп (5,152).
2 . ауыс. Көкірегін керу, ісіп-кебу, менменсу .
Сарайдағы сайқалдар да сумаңдады, ісінді ,
Ашу буған Август әкім мені жалған түсінді,
Ойран етіп, қара қырсық шыңырауына түсірді (5,62).