ІШЕК

lat: İSHEK

зат. 1 . Адам, мал, жан-жануарлардың қарынмен ұштасып жатқан, ас қорытатын мүшесі .

Қос тізенің арасында салбырап ішек бір буда,

Өтер жерде жеген ас қарын дейтін құрғырға,

Жексұрын жұмыр қалтада мазасыз жүрек ырғуда (5,132).

Күл дедің-ау,

Күлкімен ішегімді тіліп көрем.

Тулаған туыстарға татулық бер,

Бастары дастарқанда бірікпеген (2,153).           

     2 . Дыбыс, үн шығару үшін кейбір музыкалық аспаптарға тағылатын, жіңішке жасанды жіп (жилка), қыл, сым .

Өсірген өнерімді қызыр бабам,

Үніңнен айналайын бұзылмаған!

Киелі пернеңе бір қол соқпасам,

Ішегің жетімсіреп ызыңдаған (3,201).

Баяғы сазы бар ма екен,

Қуаныш па екен, зар ма екен?!

Сыңғырап тұрған сым ішектер ,

Бұл күнде қандай халде екен?! (3,146).