Іле

lat: İle

Жетісудың ең ірі өзені. Орталық Тянь-Шань (Тəңіртау) тауларынан бастау алып, Қытайдың Шыңжаң өлкесі арқылы жəне Қазақстанның Алматы облысы жерімен ағады да, Балқаш көліне құяды. Іле Қытай жерінде Текес пен Күнес жəне Қас аталатын үш түрлі өзендердің қосылуынан пайда болады. Бірақ Күнес өзені келіп қосылғанша шығысқа қарай ағады. Тек осылардың барлығы қосылған соң, Іле батысқа бағыт алып Қазақстанға ағады. Қытайдағы Іле сондағы үлкен қала Құлжаны ауыз сумен қамтамасыз етеді. Іленің ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км ұзақтықта ағады. Құлжа қаласынан беріде кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Өзен арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы. Ірі салалары: Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады. Сол себепті, Іле өзенінің алабы су ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды, бастысы жеті өзен құятын Балқаш көлінің суы мен экологиясын сақтау болып табылады. Қазақстан жерінде Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Іленің арнасы қатты табиғи өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан мұнда аралдар көп. Іле сағасына 100110 км жерде бірнеше сағаларға бөлінеді. Ол көлдермен, сортаңдармен жəне қамысты тиімдермен араласып келеді. Балқаш көліне Іле үш сала болып құяды. Олар бір-біріне 89 км арақашықтықта орналасқан. Салалар құяр жерде ұзындығы 4 км-ге жететін көлдер пайда болады. Ол Балқаш көлін Семізкөл шығанағынан бөліп тұрады. Тарихта Іле өзені бойынша Ұлы Жібек жолы өтетін үш өткел белгілі. Олар Шелек пен Түргеннің арасындағы «Оғыз өткел», Талғар мен Есіктің арасындағы «Қыз кешу» немесе «Қыз өткел», Шынгелді өзені жəне Тамғалы тас шатқалындағы Тамғалы өткелі. Соңғысы арқылы Ташкенттен Құлжаға жəне Семейге шығатын үлкен керуен жолдары өткен. Тамғалытас (көне таңба жазу мен суретті тастар) шатқалы Іле өзенімен қиылысқан жолда орналасқан. Іле өзенінің жағасында бізді ежелгі заманға куə ететін керемет жер де бар. Оң жағасында сан ғасырлар бойы көк аспанға Будда бейнесі жүзін қаратып тұр. Қара тастардың бетінде көптеген петроглифтер, Будда бейнелері, буддистік жазбалар, бəрін қосқанда шамамен мыңнан аса ерте ортағасырға жататын тас бейнелер орналасқан. Бұл мекенге буддизмді миссионерлер əкелген. Шатқалдың шыңында қызыл тас укесегі биіктігі оның он метрден астам. Онда үш түрлі фигураларда əртүрлі діни белгілер мен йогтар секілді төрт қолды Будда бейнесі суреттелеген. Будда жақтарында оның айналатын тағы екі құдайдың бейнесі беріледі. Үш басты құдайдың шығысында вертикалды кесегеде айдаһарлар ханы бейнеленген. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан. Қапшағайды жергілікті жұрт көл деп те атайды. Қапшағайдың ені 22 км, ал тереңдігі 45 м. Жағалауда санаториялар, пансионат, жағажайлар орналасқан, ал Қапшағайдың өзінде су паркі бар. Қапшағай су қоймасында көптеген балық түрлері кездеседі.