Ішек

lat: İshek

ас қорыту жолының қарыннан соң орналасқан бөлігі. Сүтқоректілерде ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Ол ащы ішек жəне тоқ ішек болып бөлінеді. Ащы ішек ұлтабар ұшынан (жіңішке ішектен), аш ішектен жəне мықын ішектен тұрады. Тоқ ішек малда бүйеннен, жиек ішектен (қарта, қима) жəне тік ішектен тұрады. Адамда ішектің бұл бөлігі тұйық өсіндісі бар тоқ ішектен жəне тік ішектен құралады.