ҒАФУ

lat: ǴAFÝ

кешірім, кешірім жасау, кешірім сұрау. Қазақ фольклорлық шығармаларында «ғафу талап» (кешірім сұрау), «ғафу айла» (кешірім беру), «ғафу рахман» (кешірімшіл) тәрізді тіркестер жиі қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде «кешіріңіз; кешірім өтінемін; айып етпеңіз» деген мағынаны білдіретін «ғафу өтінемін», «ғафу етіңіз» тіркестері қолданылады.