ҒИМАРАТТЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМІ

lat: ǴIMARATTYŃ SÁÝLETTİK SHESHİMİ

автордың құрылыс объектісіне қойылатын функционалдық, конструкциялық және эстетикалық талаптарды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, инженерлік-техникалық аспектілерді кешенді түрде шешетін, құрылыс құжаттамасының (жоба) сәулет бөлімінде жазылып көрсетілген және құрылыс барысында іске асырылатын түпкі ойы. Оның негізгі бөлімдері - сәулет-көркемдік, сәулеттік-жоспарлау және құрылымдық шешімдер.