ҒҰМЫР

lat: ǴUMYR

(ар. ғумр عمر)   

1. Жас шамасы.

2. Тіршілік, өмір сүру, тұрмыс.

Жұрт жиылды Хүсейіннің қастарына, Тәңірім ғұмыр берсін жастарына («Қисса Наушарун». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Құданың бұйрығына шара бар ма, Гүлсім мен ғұмыр берсін Қарғажанға («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Ғұмыр жасы өмір жасы. Қарт адам қаза жетіп өтті былай, Зарлықтың ұзын қылсын ғұмыр жасын («Қисса шаһизада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Ғұмыр шариф [шарифа] баянды ғұмыр.

Ғузма хазретлерінің ғұмыр шарифлеріні хақиқы уараслары бірлә тілеб тұрғанымыз... (1790 жылы Қара Көбек би мен Шұбар бидің А.А.Безбородкоға жазған хаты).

Рауза у-шарифа мұжауир болды, Қалған ғұмырын шарифа сонда кешті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Ғұмырнама (ғумр+наме) біреудің өмірі туралы жазылған шығарма, туынды, мәтін (биография).

Ұзын ғұмыр ұзақ өмір. Үшінші, бердім саған ұзын ғұмыр , Не ғамалмен өткіздің пенде махрұр?! («Барша Мақлұқты беске бөлгені». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).