ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ЛОГИКАСЫ

lat: ǴYLYMI TANYM LOGIKASY

Философиялық пән, оның мақсаты қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен аппаратын ғылыми танымға қолдану. Ғылыми таным логикасы ғылыми теориялардың, олардың компоненттерін (анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың және т.б.) логикалық құрылымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланыстарды анықтайды, теориялардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы, ғылыми болжамдардың қалыптасуы мен оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады, ғылыми танымның қорыту, түсіндіру, абстракция, идеалдандыру және т.б. сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды. Ғылымның неопозитивистік логикадан айырмашылығы ғылыми таным логикасы өзінің алдына зерттеліп отырған объектілерді толық формализациялау негізінде олардың логикалық математикалық модельдерін жасауды бірден-бір және негізгі міндет етіп қоймайды. Ғылыми таным логикасында логика қандай болса да мазмұнға талдау жасаудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты ретінде қарастырылады.