Ғафу ет

lat: Ǵafý et

Кешір деп, кешірім сұрау. Ғ а ф у е т і ң і з, ұлы дәрежелі генерал. Мен темекі тартпайтын едім, құрметіңізге көп рахмет! (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Әуелі бақсы тірі Қорқыт ата, Тілеймін ғ а ф у е т деп, кетсе қата. Адам нанар Сүлеймен өткеннен соң, Мойныңа көп жамағат салған бата (С.Сейфуллин, Шығ.). Саламатсыздар ма, ғ а ф у е т і ң і з д е р, мына адамдарды жөнелтіп жіберейік, - деді директор (Б.Қожабеков, Көктөбе).