дүние жүзін оның аймақтарын немесе елдерін қамтитын заманымыздың жалпыадамзаттық проблемаларының комплексі. Оларға ең алдымен мыналар жатады: дүниежүзілік термоядеролық соғысқа жол бермеу, қарусыздану және халықаралық қатынастардың бейбіт негізде дамуы үшін жағдайлар жасау: дүние жүзіндегі әлеуметтік даму мен экономикалық өсу; экономикалық мешеу лікті жою, жер бетіндегі әлеуметтік әділетсіздіктің, ең сұмдық көріністері - ашаршылық пен қайшылықты болдырмау; белсенді демократиялық саясат пен қоршаған ортаны қорғау стратегиясын әзірлеп, жүзеге асыру; ғылыми- техникалық революцияның жетістіктерін пайдалану; білім беру, денсаулық сақтау проблемаларын және басқаларын ғылыми зерттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты өрістету. Ғаламдық проблемалар өзінің шешімін табуы үшін қызметтің түрлі салаларын, соның ішінде Ғаламдық проблемаларды зерттеуге, оларды адамгершілік тұрғыдан баға дүниетанымдық және методологиялық көзқарастарды белгілейтін философия өкілдерінің күш жігерін шоғырландыруды қажет етеді.