ш ы л а у. Шектеу, кішірейту мәніндегі қана демеулік шылауының дыбыстық варианты. Өткен шежіре, тарихымыздың тек бөл- шектенген көмескі жүрнақтары ғ а н а біздің заманымызға жетіп отыр (С.Сейфуллин, Таңд.). Шектік (тежеу) демеуліктері - ғ а н а (қана), тек, ақ тіркескен сөздеріне шек қойып тежеу мағынасын ү с т е у. үшін қолданылады (Қаз. грамм.). Кешегі қалың бұлт аспаннан ыдырап, таудың басына ғ а н а шөгіпті (С.Мұқанов, Саяхаттар). Барлық аттылар сәл ғ а н а томпиып жатқан ескі екі моланы көрді (М.Әуезов, Абай жолы). Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғ а н а тілейсің (Абай, Тол. жин.).