Ғарышкер

lat: Ǵaryshker

з а т е с і м. Ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін, әрі оны пайдаланатын, ғарышқа ұшқан адам. Алғашқы ғ а р ы ш к е р л е р әскери үшқыштар мен ұшақсынақшылар қатарынан таңдалып алынды (ҚҰЭ). Атқан таңы бақыттың белесіндей, Түні сұлу бұлбұлдар кеңесіндей. Жүлдыздары ғ а р ы ш к е р кемесіндей, Туған айы... Ғашық қыз елесіндей (К.Салықов, Жезкиік). Заман қайда! Заман өбден түлеген. Падишамын, Мен баяғы қүл емен. Ғ а р ы ш к е р л е р жер бетінде түстеніп, Сосын сонау ғарышында түнеген (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Мықты болсаң, әрине намыскерсің, Кешкен өмір - бәрі де жарыс дерсің. Байқоңырдан үшпады деп өкінбе, Көз ашқалы өзің де ғ а р ы ш к е р с і ң (К.Салықов, Жезкиік).