Ғасырдай

lat: Ǵasyrdaı

ү с т е у. 1. Бір ғасырға сәйкес, жуық. Мекер гүл алуға кетіп еді, ол қайтып оралғанша достым машинадан бір түсті, бір мінді, сол екі минут оған тап бір ғ а с ы р д а й көрінді-ау деймін (Б.Аманшин, Жар мұңы). 2. ауыспалы. Ұзақ уақыт, үлкен мерзім. Бақыт болса мен үшін ғ а с ы р д а й күн, мазмұны жоқ ғүмырға бас ұрмаймын. Сүйсем сүйіп, жек көрсем айтам ашық, Жүрегімнің шындығын жасырмаймын (А.Бақтыгереева, Ақ қанат). Биылғы елудегі көрген жасым, болып тұр берекесі ғ а с ы р д а й-а қ (Ақын жырлары).