з а т е с і м. 1. Бір адамның өлшеулі өмір жасы. Ұмытпан семсеріңізді жылан-кеселді қақ бөлген, О, жасыл Дәрігер ең ізгі, қайтадан ғ ұ м ы р ап берген! (Ө.Нұрғалиев, Нөсер). Қожа Ахмет Ясауидің мұрагерлері өздері айтқандай: «Өлгенге иман, тіріге ғ ұ м ы р тілейді» (О.Дастанов, Әулие.). Қалған ғ ұ м ы р ы м д а Отырар сырын ашып, өл-Фарабиді халыққа танытсам, өмірім босқа кетті демес ем (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Ғ ұ м ы р өзгерілгенде ресім өзінен-өзі қарша еріп жоғалады, бұрынғы төреге беретін «Алла жардай» («Қазақ»). 2. ауыспалы.Уақыт, дәурен, дәуір. «Жан ата деді Баян. - Жарайды үш күн. Үш күн, үш түн деген де аз ғ ұ м ы р емес. Сол үш күнді қисаңыз болғаны» (М.Мағауин, Ақша қар). Қарағым, сұрап қайтесің, Алыстап кеткен құрғырды, Білімсіз босқа өткіздік Мына біз, жастық ғ ұ м ы р д ы (Қ. Аманжолов, Шығ.). Жылдарым жатыр белеңге, білегін артып жұп-жұмыр. Балалық, жастық деген де - Өз алдына бір ғ ұ м ы р (Б.Ырзабаев, Бақ.). 3. ауыспалы.поэтикалық. Жастық шақ. Ей, менің нұрлы ғ ұ м ы р ы м! Жастығым, мөлдір тұнығым, ей, менің қыздай қылығым! Төгіліп жібек тұлымың, Бойыңды басып бұрамың, Қай жерде жүрсің, құлыным?! (М.Мақатаев, Шығ.). Жауқазын ғ ұ м ы р, жыр жастық, Қаншама біздер қыр бастық, Қаншама рет қар жауды, Қайтадан бізді тұрмас қып?! Сонда да біздер жырластық, Сонда да біздер сырластық, Он сегіз бенен отызды, Өзара бөліп, құрдас қып (М.Мақатаев, Шығ.).